Жұмыс пен маман іздеуге арналған платформа іске қосылды

Қымбат Елтайқызы

Ол тегін қызмет көрсетеді

фото: Астана әкімдігі

Астанада жұмыс іздеу және тапсырыстар бойынша JUMYSTAP.kz сервистік платформасы іске қосылды. Бұл бизнес үшін қызметкерлер іздеу мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Платформаның басты міндеті – елордадағы кадрлық жетіспеушілік пен жұмыссыздық проблемасын жылдам шешу. Жұмыс берушілер платформаны тұрақты жұмыс орнына өз хабарландыруларын, сондай-ақ көлемді тапсырыстарды орындау үшін жылдам жариялау мақсатында пайдалана алады, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

JUMYSTAP.kz платформасы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы азаматтардың табысын арттыруға бағытталған JOLTAP жобасының бір бөлігі. Платформаның жұмысын елорда әкімі 5 тамызда жоба түлектерімен кездесуде іске қосты, – деп қосты ведомство.

Платформада 15 дағды бойынша JOLTAP жобасының 5 мыңнан астам түлегі 7 цифрлық (SMM, сайт әзірлеу, видеомонтаж, графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмысшы (тігінші, модельер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киім жөндеу) мамандықтары бойынша өз қызметтерін ұсынған.

Цифрлық мамандықтар бойынша тапсырыстар мен жұмыстарды іздеу ауқымы шектелмейді – жоба түлектері тапсырыстарды Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан мен ТМД аумағында қабылдай алады. Өз кезегінде, жұмысшы мамандықтарының түлектері көлемді жұмыстарды бірлесіп орындау үшін топ болып біріге алады. Мысалы, 5 дәнекерлеушіден тұратын топ ірі тапсырыс алып, әрқайсысы 500 мың теңгеден астам табыс табады.

Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де толығымен тегін, – деп толықтырды әкімдік.

Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Ең бастысы – Whatsapp мессенджері арқылы жұмыс берушілер/тапсырыс берушілер мен өтініш берушілер/тапсырыс берушілер арасында тікелей байланыс қамтамасыз етілген.