Жұмыс пен маман іздеуге арналған платформа іске қосылды
Ол тегін қызмет көрсетеді
Астанада жұмыс іздеу және тапсырыстар бойынша JUMYSTAP.kz сервистік платформасы іске қосылды. Бұл бизнес үшін қызметкерлер іздеу мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Платформаның басты міндеті – елордадағы кадрлық жетіспеушілік пен жұмыссыздық проблемасын жылдам шешу. Жұмыс берушілер платформаны тұрақты жұмыс орнына өз хабарландыруларын, сондай-ақ көлемді тапсырыстарды орындау үшін жылдам жариялау мақсатында пайдалана алады, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
JUMYSTAP.kz платформасы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы азаматтардың табысын арттыруға бағытталған JOLTAP жобасының бір бөлігі. Платформаның жұмысын елорда әкімі 5 тамызда жоба түлектерімен кездесуде іске қосты, – деп қосты ведомство.
Платформада 15 дағды бойынша JOLTAP жобасының 5 мыңнан астам түлегі 7 цифрлық (SMM, сайт әзірлеу, видеомонтаж, графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмысшы (тігінші, модельер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киім жөндеу) мамандықтары бойынша өз қызметтерін ұсынған.
Цифрлық мамандықтар бойынша тапсырыстар мен жұмыстарды іздеу ауқымы шектелмейді – жоба түлектері тапсырыстарды Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан мен ТМД аумағында қабылдай алады. Өз кезегінде, жұмысшы мамандықтарының түлектері көлемді жұмыстарды бірлесіп орындау үшін топ болып біріге алады. Мысалы, 5 дәнекерлеушіден тұратын топ ірі тапсырыс алып, әрқайсысы 500 мың теңгеден астам табыс табады.
Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де толығымен тегін, – деп толықтырды әкімдік.
Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Ең бастысы – Whatsapp мессенджері арқылы жұмыс берушілер/тапсырыс берушілер мен өтініш берушілер/тапсырыс берушілер арасында тікелей байланыс қамтамасыз етілген.