Оған тегін қатысып, сыйлықтар ұтып алуға болады
Астанада 18 тамызда Спорт күніне арналған жаппай веложарыс өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Велосипедшілер айналма веложолдан (Қосшыға қарай жол бойында) 25 км қашықтықта басталып, Ильинка (Үркер) «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағында аяқтайды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы сағат 08:00-де. Қатысушы велосипедпен бірге болуы керек. Тіркелу тегін, – деп қосты ведомство.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.