Halyq Uni логотип
×

53 жастағы Забирова күнде жаттығу залына баруды әдетке айналдырған (ВИДЕО)

Демалыс күні де, міне, тыным жоқ, - дейді өзі

 Халық үні 07.08.2024 | 22:39
53 жастағы Забирова күнде жаттығу залына баруды әдетке айналдырған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Эстрада әншісі Толқын Забирова Instagram-дағы парақшасына жаттығу залынан видео жариялады. 53 жастағы өнер иесі бүгінде жолдасының арқасында дене сымбатына ерекше мән беретінін айтты, деп деп хабарлайды Halyq Uni.

Бейнежазбадан әншінің тынымсыз жаттығу жасап жүргенін көруге болады. Ол кейінгі кезде осылай спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған.

«Дені саудың жаны сау» дейді. Демалыс күні де, міне, тыным жоқ. Жолдасым болмаса, үйде рахаттанып отырар едім, - деп жазды Толқын Забирова.

Желі қолданушылары 53 жастағы әншінің шымырлығына тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама