Жауап алу барысында «Дикий Арманның» қылмыстық тобын қаржыландыру мәселесі талқыланған
Белгілі қазақстандық блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арманның» тобына қатысы бар деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Halyq Uni ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Ол жауап алу үшін шақырылды. Содан кейін үйіне босатты. «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы болуы мүмкін, – делінген ресми мәліметте.
Редакцияға түскен ақпаратқа сәйкес, жауап алу барысында «Дикий Арманның» қылмыстық тобын қаржыландыру мәселесі талқыланған.
Айта кетейік, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесін ұстап, тінту жұмыстарын жүргізген еді.
Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта жүріп, заңсыз әрекеттерін тоқтатпаған.