Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Динара Амантай

Салдарынан 5 адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Хромтау ауданының маңындағы «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар автожолдың 862-шақырымында шамамен 10:10-да «Тойота Ипсун» мен «МАН» жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан «Тойота Ипсун» автокөлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы, оның ішінде 3 бала оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары футболдан облыстық жарысқа бара жатқан. Білім басқармасы аталған іс-шараны өткізуде мемлекеттік органдарға (білім бөлімі, Білім және полиция басқармасы) хабарланбағанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр, – делінген хабарламада.