Оны сөндіруге 140-қа жуық адам жұмылдырылды
Абай облысы Үржар ауданында 7 мың гектар аумақта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ өртті сөндіруге ауа райы, жердің күрделі рельефі кедергі келтіріп, көбіне жаяу жүріп сөндіруге тура келгенмен, өрт толығымен екі тәулікте сөндірілгенін мәлімдеді.
Өртті жоюға ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан 134 адам және 19 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ аэровизуалды тексеру үшін пилотсыз ұшу аппараты қолданылды.