Қазір барлық мемлекеттік қызметтің 93,3%-ы электронды түрде ұсынылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электронды үкіметті» дамытуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтің 93,3%-ы электронды түрде ұсынылады. Оның 86%-ына смартфон арқылы қол жеткізілген. eGOV Mobile мобильді қосымшасы мен 56 қызметке қол жеткізілген сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 млн қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің көпшілігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистердің халық үшін қолжетімді болғанын көрсетеді, деп мәлімдеді ЦДИАӨМ.
Қазіргі уақытта келесі қызметтер қолжетімді:
Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері де жеңілдетілді:
Үкімет мәліметінше, е-Otinish бірыңғай платформасы аясында азаматтардан 6,8 миллион өтініш қабылданды. Талдау қорытындысы бойынша, қазір мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 29 «жасырын» қызмет анықталды. Ал өтініш берушілердің бағалауы бойынша, жауап сапасына қанағаттану 17,5%-ға өсті.