Атырау облысында дәрігерлер жауапқа тартылды

Динара Амантай

Олардың кесірінен жұмыста жарақат алған тұрғындар өтемақы ала алмаған

Фото: Halyq Uni

Атырау облысында өндірістік жарақат жағдайларын жасырған дәрігерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура тексеру кезінде медициналық ұйымның қызметкерлері 13 өндірістік жарақат фактісін жасырғанын анықтады.

Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер жүргізілмеген. Бұл ретте жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақысын ала алмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен («Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау») әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.