СІМ Бангладешке бармауға шақырды
Сақ болуға кеңес берілді
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Бангладеш Халық Республикасына бармауға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni.
СІМ Бангладештегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын ахуал тұрақталғанға дейін сол елде бармай, қоя тұруды ұсынды.
Қазір Бангладеште жүрген қазақстандықтардан аса қажет болмаса, үйден шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақ және қырағы болуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Қазақстанның Үндістандағы елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладештегі қазақстандықтар мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады:
- +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат);
- +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp).
Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің байланыс нөмірі:
- +91 1145 555 106;
- +91 9667 118 363.