Қызылорда тұрғынынан 300 келіге жуық есірткі тәркіленді
Ол сора өсірумен айналысқан
Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп қарасора тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.
Күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп қарасора тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм.
Қазір күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деді полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында елімізде «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.