Ол 53 рет ереже бұзған
Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін Suncar Smart Qorgau автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған. Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушының 2003 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды, деп мәлімдеді Polisia.kz.
Негізінен заңбұзушылықтар жылдамдық режимінен асып кетумен байланысты болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр, – деп қосты Ішкі істер министрлігі.
Жүргізуші айыппұл сомасының 50% төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.