LRT ісі: елорда әкімінің бұрынғы орынбасары АҚШ-та той тойлап жүр (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Ол елге бірнеше рет экстрадицияланса да ұсталмаған

фото: arnapress.kz

Astana LRT қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбектің өткен демалыс күндері Нью-Йорктің қымбат ауданында дүркіреген тойда жүргені видеоға түсіп қалды.

Azattyq Rýhy сайты оған дәлел ретінде Қанат Сұлтанбектің әйелі Шолпан Сергейқызының әлеуметтік желіде жариялаған видеосын ұсынды.

Біз қайда бара жатырмыз, табыңыздар! - деген Шолпан Сергейқызы көп ұзамай америкалық жұптың тойынан үзінді көрсете бастаған.

Видеодан басқа қонақтардың ішінен той тойлап жүрген Қанат Сұлтанбекті де анық көруге болады.

Мен сізді видеоға түсіріп тұрмын, - дейді Шолпан Сергейқызы, күйеуін көрсетіп.

Бұған дейін де оның АҚШ-та жүргені хабарланған. Ақпаратты Антикор растады. Қанат Сұлтанбек елге бірнеше рет экстрадицияланса да ұсталмаған. Өйткені Қазақстан мен АҚШ арасында қылмыскерлерді беру туралы екіжақты келісім жоқ.