Астанада «Барыс Арена» маңындағы жол жабылды

Қымбат Елтайқызы

Тағы бір көшеде қозғалыс шектелді

фото: Halyq Uni

Елордада «Барыс Арена» спорт кешенінің алдындағы жолға жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойынша «Барыс Арена» спорт кешенінің алдындағы жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жүргізеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 7-9 тамызы аралығында толығымен жабылады. Қоғамдық көліктер жол жөндеу кезеңінде «The Square Бизнес-орталығы» және «Барыс-Арена СК» аялдамаларына қызмет көрсетпейді, – деп қосты ведомство.

Астана тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.