×

Мемлекеттік қызметшілер мен шаруалардың жалақысында айырмашылық көп

Былтыр Қазақстандағы орташа жалақы 250 мың теңге болған

 Дәурен Ерболат 08.06.2022 | 16:39
Фото: diapazon.kz

2021 жылы елімізде басшылар мен мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақысы шамамен 448 мың теңге болса, агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) жұмыс істейтіндер айына 146 мың теңге алған, деп хабарлайды finprom.kz.

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 285,4 мың теңгеге жетті, жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 12,7%-ға өскен.

Былтыр жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250,3 мың теңге болған. 2020 жылмен салыстырғанда жалақының сатып алу қабілеті 17,5% артқан.

Жалақы ең аз өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (187,5 мың теңге). Жалақы жоғары өңірлер – Атырау облысы (406 мың теңге), Маңғыстау облысы (349,5 мың теңге), Нұр-Сұлтан қаласы (344,7 мың теңге).

2021 жылы ең жоғары орташа жалақыны басшылар мен мемлекеттік қызметшілер алған – 447,8 мың теңге. Кейін тізімде кәсіби мамандар (291,9 мың теңге), сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, жинаушылар мен жүргізушілер (263,1 мың теңге) тұр.

Ең төменгі орташа жалақыны біліктілігі жоқ жұмысшылар (107,8 мың теңге), сондай-ақ фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау саласының жұмысшылары алған – 145,5 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама