«Халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен»: Жүнісова жан сырын ақтарды
Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты ойын айтты
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен түскен мұрағаттық суреттерді жариялап, жұрт алдында жан сырын ақтарды.
Әншінің желіге жүктеген видеосынан ерлі-зайыптының саяхаттарда, түрлі жиындарда жүрген сәттерін көруге болады.
«Кеңсайдағы қазақтың біртуар аға-апаларымыздың зираттарын аралап, қол жайдық. Зәкеңнің басына да бардық. Жаны жаннәттан болсын, Мақпал апай», «Заңғар ағамыздың жатқан жері жайлы болсын», «Мақпал ханым, сізге мықты денсаулық тілеміз. Мерейдің рахатын көріңіз», - деп жазды тыңдарманы.
Көпшіліктің толассыз пікірінен кейін Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты ойын айтты.
Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен. Өткен күн оралмайды, - деп жазды әнші.