Бүгінде улы өрмекшінің 120-дан астам аналығы жойылды
Павлодар облысы Баянауыл ауданында қарақұрттың көбеюіне байланысты тұрғындарға ескерту жасалды, деп хабарлады Halyq Uni.
Экология және табиғи ресустар министрлігінің мәліметінше, биыл қарақұрттар Баянауыл ұлттық табиғи паркінде, Жасыбай бөлімшесінің 6-орамында, Торайғыр ауылдық округінде байқалды.
Мамандар Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп, биыл 523 қарақұрттың жұмыртқасы мен 124 аналығын жойған. Бұл жұмыс әлі жүргізіліп жатыр.
Баянауыл аударының тұрғындары мен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға ескерту жасалды.
Бүгінге дейін ауданда қарақұрттың адамды шағу дерегі тіркелмеді.
Айта кетейік, қарақұрт – өте улы өрмекші. Әсіресе, оның аналығы өте қауіпті. Олар далада, шөл және шөлейт жерлерде мекендейді.
Бұған дейін Баянауыл ауданында қарақұрт қаптағаны хабарланған еді.