Halyq Uni логотип
×

Министр Назарбаев мектептеріне «шабуыл» жасамауға шақырды

НЗМ – еліміздегі ең беделді мектептердің бірі

 Дәурен Ерболат 06.08.2024 | 15:20
Министр Назарбаев мектептеріне «шабуыл» жасамауға шақырды
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НЗМ) «шабуыл» жасамауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында ведомство басшысы аталған білім ордасы озық тәжірибеге ие екенін атап өтті. Оның пікірінше, сондықтан мектептің жұмысына кедергі жасауға болмайды.

Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептері – өзіне артылған сенімді ақтап отырған озық тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Ол – Қазақстандағы білім жүйесінің дамуына өзінің үлесін қосып отырған үлкен байлығымыз. Сондықтан оған «шабуыл» жасап, мектептің жұмысына кедергі жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, (НЗМ-ге бөлінетін қаржыға қатысты – автор) ауқымды тексеріс болды. Оны Жоғарғы аудиторлық палата жүргізіп, аяқтады. Осыған қатысты бірнеше талап, ұсыныс берілді. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқушыларды тамақтандыру үшін бюджеттен қаржы қарастырылмайтынын жеткізді.

«Жалпы тамақтану мәселесіне мемлекет тарапынан ақша бөлініп отырған жоқ. НЗМ өзінің ішкі ресурстары есебінен балалардың тамақтану мәселесін шешіп отыр», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама