×

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде оқ-дәрі жойылып жатыр

Ол қараша айына дейін жалғасады

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2022 | 16:15
Фото: gov.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жою қайта жалғасты.

Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Жақын жатқан елді мекендердің қауіпсіздігі үшін бір жарғанда аз-аздан жарып жатырмыз. Бір жарғандағы тротил салмағы — 600-700 келі, — деді әскери бөлім командирі Еркін Әбсадықов.

Бұл туралы ол malim.kz-ке берген сұхбатында айтты.

Порталдың хабарлауынша, нақты қанша оқ-дәрі жойылатыны туралы әзірше толық ақпарат жоқ. Бірақ жою процесі қараша айына дейін жалғасады.

Былтыр тамыз айында Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама