Halyq Uni логотип
×

Бірқатар өңірде мектептер оқу жылына дейін дайын болмауы мүмкін

Күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады

 Динара Амантай 06.08.2024 | 14:04
Бірқатар өңірде мектептер оқу жылына дейін дайын болмауы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Оқу жылы қарсаңында Қазақстанда күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады. Ал, кей өңірде білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмай қалуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істеп жатыр. Оның 6 387-сінің жағдайы жақсы. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сондай-ақ 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жының басына дейін аяқталады. Жоспардан артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, СҚО және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен бірге, ол тасқын салдарынан 40 білім беру нысаны зардап шеккенін жеткізді. Бүгінде 5 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 16 нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама