Halyq Uni логотип
×

«Денесіне кір тасын байлап, суға лақтырып жіберген». Павлодарда ағайынды екі жігіт сотталды

Олардың үйін тінту кезінде тапанша мен оқ-дәрілер табылды

 Динара Амантай 06.08.2024 | 11:52
«Денесіне кір тасын байлап, суға лақтырып жіберген». Павлодарда ағайынды екі жігіт сотталды
Фото: Halyq Uni

Кеше Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтірген ағайынды екі жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, ағайынды екі жігіт 2022 жылдың 19 қарашасында жәбірленушіден сатып алған үйінің құнын төлемеу үшін алдын ала сөз байласып, ер адамды Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, қолын байлап, денесіне салмағы 16 келі болатын кір тасын байлап, өзенге батырып жіберген.

Олардың үйін тінту кезінде тапанша мен оқ-дәрілер табылды.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

Сот К.А. мен К.Д.-ның асырауларында жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ал К.Д.-ға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама