Мал да арнайы тұраққа қамалыпты
Павлодар облысында 700-ден астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өңірде автожолда жүрген жылқылар табынының иесі жауапқа тартылды. Бүгінгі таңда автожолда жайылып жүрген мал өзекті мәселе болып отыр. Өйткені олар адамдардың зардап шегуіне немесе өлуіне әкелетін апаттарға себеп болуы мүмкін, деп мәлімдеді Polisia.kz.
Полицейлер иесіз малды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Олардың иелері мал басын тиісті түрде жаюды қамтамасыз етуі үшін қажетті шара қабылдамайды.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Павлодар облысында 4805 бас иесіз жайылып жүрген малды айыппұл тұрақтарына орналастырды және 702 мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мысалы полицияға Мойылды ауылының жанында жылқы үйірінің кезіп жүргені туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары бұл табынды айыппұл тұрағына қамады. Жылқылардың иесі анықталды. Бұл заңбұзушылық үшін ауыл тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті.
Сақшылар барлық мал иесіне жайылым ережелерін қатаң сақтау керектігі жайлы ескертеді.