Олар тыйым салынған жерде шомылған
Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған. Суға батқан 4 адам – бір отбасының мүшелері.
Куәгерлер 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, отбасы мүшелері суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.