Есірткі өндіргені үшін өмір бойына соттау: Мәжілісте заң жобасы қаралып жатыр
Елде есірткі зертханаларының саны өсіп келеді
Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда есірткі зертханалары саны өсіп жатыр. Осы жылдың 7 айында полиция тек синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 24 жасырын есірткі зертханасын жойылған. Тек Алматының өзінде осындай 11 дерек анықталды. Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды
Алматы облысында да полицейлер 7 заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 келіден астам синтетикалық есірткі және 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
Шілденің соңында 3 астаналық ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 келі дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді. Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылықты ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді. Қаскөйдің виртуалды кураторлары дайын есірткінің келісі үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген. Есірткі өндірісі үшін ер адам 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкн. Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген, – делінген ІІМ хабарламасында.
Қазір Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр. Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, ал оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.