Жамбыл облысында ер адам полицейлерге көшеде «отжимание» жасатқан (ВИДЕО)
Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс бастады
Желіде Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адамның бір топ полиция қызметкерін «отжимание» жасауға мәжбүрлеген видеосы тарады, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған видеодан қызметтік киім киген полицейлердің азаматтық киім киген ер адамның нұсқауымен отырып-тұрып, серіппе жаттығуын жасап жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені айтылған.
Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі, – делінген министрлік хабарламасында.