Жамбыл облысында 120-дан аса жасөспірімге айыппұл заңсыз салынған
Қадағалау актілері бойынша 2 лауазымды адам жауапқа тартылды
Тараз қаласы мен Жуалы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, жол ережесін сақтамаған 16-17 жас аралығындағы 124 жасөспірімге қатысты ӘҚБтК-тің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істерді қозғау кезінде ресми қорғаушылардың қатысуын қамтамасыз етпеген. Кәмелетке толмағандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған, - делінген прокуратура хабарламасынды.
Прокурорлардың наразылығы бойынша соттармен ішкі істер органдары қаулыларының күші жойылып, жасөспірімдердің құқығы қорғалды.
Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша 2 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазір өндірілген айыппұлдарды қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.