×

Маңғыстауда су тапшылығы қалай шешіледі?

Өңірдегі су тұщыту зауыттары халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр

 Дәурен Ерболат 08.06.2022 | 15:54
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында су тапшылығы мәселесін шешу үшін 9 жоба іске асырылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, өңірде су өндіретін 2 зауыт бар.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тәулігіне 52 мың текше метр су тұщытып, Ақтау мен Түпқараған ауданының тұрғындарын қамтиды. Ал «Каспий» су тұщыту кәсіпорны күніне өндіретін 20 мың текше метр сумен Мұнайлы және Қарақия ауданының сұранысын қанағаттандырады. Алайда соңғы жылдардағы халықтың суды тұтыну деңгейі күрт артты. Осыған байланысты өңірге су тұщыту зауыттары керек. Әсіресе жазда судың тапшылығы – 51 мың текше метр. Сарапшылар 2025 жылға қарай қажеттілік тәулігіне 250-260 мың текше метр болатынын айтып, дабыл қағып жатыр», - деді Бекбол Орынбасаров.

Ол мәселені шешу үшін 9 жоба іске асырылатынын, тиісті қаржы бөлінетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама