Halyq Uni логотип
×

Қостанайда жалған ақпарат таратқан блогер айыппұл арқалады

Ол сотта кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 05.08.2024 | 14:38
Қостанайда жалған ақпарат таратқан блогер айыппұл арқалады
Фото: Halyq Uni

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында жалған ақпарат таратқан блогерге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың 25 шілдесінде блогер әлеуметтік желіде және онлайн-платформада автомобильдердің алдыңғы және алдыңғы-бүйір әйнектерін кәсіпкерлік мақсатта қараңғылатуға болатыны туралы жалған ақпарат таратқан.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, блогер ретінде әлеуметтік желіде тексерілмеген ақпаратты жариялағанын растады.

Сот қаулысымен П. кінәлі деп танылды. Оған 77 мың 532 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама