«Алматы арена» жанындағы алаңда митинг өткізгені үшін кінәлі деп танылған
Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы оның өзі мәлімдеді.
«Бүгін Қылмыстық кодекстің екі бабы – ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі («Жаппай тәртіпсіздіктер») және 274-бабының 4-бөлігі («Жалған ақпарат тарату») бойынша маған айып тағылғаны туралы білдім. Бұл – мені қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздік ұйымдастырып, жалған ақпарат таратқаны үшін айыптайды деген сөз» – дейді Жанболат Мамай.
Өзі түсіндіріп өткендей, оған 4 қаңтарда «Алматы арена» жанындағы алаңда митинг өткізгені үшін айып тағылған.
Біріншіден, менің «Алматы аренада» айтқан сөздерімнің толық нұсқасы бар. Онда ешкімді бір жерге баруға шақырмағаным анық естіледі. Керісінше, бәрінен ештеңені бұзбауды және полициямен қақтығыспауды сұрадым.
Бұл бейне әлеуметтік желілерде жарияланған. Сонымен қатар, бірнеше минуттан кейін басқа бейбіт наразылық білдірушілермен бірге ұсталдым. Мен ешкімді алаңға апармадым», - деп ақталып отыр ол.
Айтуынша, «бұл қылмыстық іс оппозициялық қайраткерді саяси тұрғыдан қудалау болып табылады» екен.