Қарағанды облысында ақбөкендерді атқан браконьерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Полицияға 11 адам жеткізілді
Қарағанды облысында ақбөкендерді атумен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шет ауданы тұрғындары құрған қылмыстық топтан 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленген.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 22 тінту жұмыстары жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді. 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі және 20 келіден астам бұзылған ет тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Нығмет Ысмағұлов.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір мемлекетке келтірілген шығынды анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.