Өрттің себебі анықталып жатыр
Павлодарда бес қабатты тұрғын үй кешені өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамызда Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Өрттің ауданы – 2 шаршы метр.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, 12 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 2 бала бар.
Мамандар өртті толық сөндіріп, оқыс оқиғаның себебін анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ.