Halyq Uni логотип
×

Көшеде жол бермеген әйелдер жауапқа тартылды

Полицияға арызды ер адамдар жазған

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2022 | 15:22
Көшеде жол бермеген әйелдер жауапқа тартылды
коллаж: Halyq Uni

Павлодарда көшеден өтіп бара жатқан адамдарға көлікпен жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

7 маусымда Павлодар полициясына ер адам хабарласып, Мәшһүр Жүсіп пен М.Горький көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісінің үстінен арыз жазды.

Ол көліктің маркасы мен номерін айтып, жүргізушінің қай жаққа бара жатқанын жеткізді.

Осыдан кейін жақын маңдағы автопатруль көлікті анықтап, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы бір шағым қала тұрғынынан әйел жүргізушіге келіп түсті. Тұрғынның айтуынша, Лермонтов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда, «Тoyota» жүргізушісі оған жол бермеген.

Полицейлер тәртіп бұзушыны ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жұмысқа асығып, «тез өтіп кетемін» деп үміттенгенін түсіндірді. Сондай-ақ, полиция департаментінің баспасөз қызметі биыл облыста жаяу адамға жол бермеген 1 262 жүргізушінің және бағдаршамның қызыл белгісін елемеген 1 112 адамның анықталғанын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама