×

Ұлытау облысында 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Соңғы кезде елімізде осындай оқыс оқиғалар жиілеген

 Қымбат Елтайқызы 04.08.2024 | 18:21
фото: ТЖМ

Алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға бүгін Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында болды. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ тағы да еске салады:

  • бөлмеден шыққанда терезені ашық қалдырмаңыздар;
  • терезелерге блокаторлар орнатыңыздар;
  • терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыздар;
  • москит торлары құлап кетуден сақтамайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама