Ақтөбе облысында заңсыз еңбек еткен мигранттар елден қуылды
Оларды кәсіпкер жалдапты
Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 15 мигрантты анықтады, деп мәлімдеді Polisia.kz.
Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылып сот шешімімен елден шығарылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты өзге елдің жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.