Күдікті жеңілдетілген бағдарлама бойынша көмектесуге уәде берген
Өскемен тұрғыны алаяққа 10,5 млн теңгені санап берді.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Өскеменде қалалық полиция басқармасына алаяққа алданған 38 жастағы азамат хабарласып, 10,5 млн теңгесінен айырылғанын айтқан. Ол былтыр наурыз айы мен сәуір айы аралығында танысының пәтеріңді сатып беремін деген уәдесіне сеніп, 10,5 млн теңгеге жуық ақшаны санап берген екен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде бергенін айтты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Републикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.