Ал Атырау облысында 3 мыңға жуық балық шабағы құтқарылды
Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты, деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабағын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді, – деп қосты ведомство.
Биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтеді. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. 4 тамыз – өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа әрі кәсіби дамуға ынталандыру күні.