×

Абай шығармаларын мәнерлеп оқығандар IPhone-15 ұтып ала алады

Бұл байқау Абай күніне орайластырылған

 Қымбат Елтайқызы 04.08.2024 | 12:55
фото: khabar.kz

Астанада «Абай жолымен» конкурсы басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

10 тамызда елімізде дәстүрлі түрде ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының құрметіне Абай күні аталып өтеді. Мереке аясында елордада «Абай жолымен» байқауы басталды. Бас жүлде – IPhone 15, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Конкурсқа қатысу үшін:

  • Астана тұрғыны болу керек;
  • Қатысушылардың жасы 14-тен 34 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • @elorda_jastary парақшасына жазылып, белгілеу қажет;
  • #АбайЖолымен2024 және #ПоПутиАбая2024 хэштегтерін белгілеу керек;
  • Абай Құнанбайұлының шығармасын мәнерлеп оқып, бейнетаспаға түсіру қажет.

Видеожазбалар 2024 жылдың 7 тамызына дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты @elorda_jastary Instagram парақшасынан алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама