Halyq Uni логотип
×

Бүгін – көлік саласы қызметкерлерінің күні

Бұл салада 670 мыңға жуық адам еңбек етіп жүр

 Қымбат Елтайқызы 04.08.2024 | 11:49
Бүгін – көлік саласы қызметкерлерінің күні
фото: telegram/Азаматтық авиация комитеті

Елімізде тамыз айының алғашқы жексенбісінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазіргі уақытта осы салада шамамен 670 мың адам еңбек етіп жүр. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 60 мыңға жуық студент көлік саласында білім алып жатыр.

«Көлік саласы аса маңызды. Әуе, теңіз, өзен-көл, автомобиль және теміржол жолдары қуатты артериялар сияқты барлық аймақтың дамуына серпін береді. Бұл салада өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар еңбек етіп жүр. Олардың күнделікті жұмысы ұлттық экономиканы, әлеуметтік саланы нығайтуға зор үлес қосып, азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер етеді», - деп құттықтау жолдады Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама