Басты көшелердің бірімен жүруге тыйым салынды
Б.Момышұлы даңғылының учаскесінде жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабық тұр. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады, – деп қосты ведомство.
Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бұған дейін Тұран даңғылының бірнеше күнге жабылғаны жайлы жазған едік.