Halyq Uni логотип
×

Елордада тағы бір көше жабық тұр

Басты көшелердің бірімен жүруге тыйым салынды

 Қымбат Елтайқызы 04.08.2024 | 10:19
Елордада тағы бір көше жабық тұр
фото: Halyq Uni

Б.Момышұлы даңғылының учаскесінде жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабық тұр. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады, – деп қосты ведомство.

Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бұған дейін Тұран даңғылының бірнеше күнге жабылғаны жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама