Ал мектеп-лицей директоры кезекшілікке мәжбүрлеу болмағанын мәлімдеді
Қостанай тұрғыны мұғалімдерді Тобыл өзенінің жанындағы демалыс орындарында кезекшілікке мәжбүрлеп тұрғызып жатқанын айтып шағымданды. Айтуынша, бұл олардың міндетіне кірмесе де балаларды суға түспеуге шақыру бұйырылған. Бұл туралы Наша газета порталы хабарлады.
Тұрғынның айтуынша, кезекшілікке тұрғандардың негізгі міндеті – кәмелетке толмағандарға ешкімге ескертусіз шомылуға болмайтынын айтып, профилактикалық әңгімелер жүргізу.
Егер балалар бас тартса, онда сіз оларды суретке түсіріп, басшылыққа жіберуіңіз керек. Өткені бізге құтқаруға тыйым салынған. Маусым айында ТЖМ бұл туралы түсіндірген еді. Кезекшілік 17 тамызға дейін болады. Тобыл жағалауында, КЖБИ ауданында және корей көпірінің жанында кезекшілік етеміз. Білім бөлімінен келіп, тексереді. Бәрімізге ерікті-мәжбүрлі түрде айтылды. Ал жағажайда, гимназияда кешкі 6-дан бастап физруктар болады, - деді Қостанай тұрғыны.
Алайда Қостанай қаласы №2 мектеп-лицейінің директоры Ирина Шушпанова кезекшілікке мәжбүрлеу болмағанын мәлімдеді.
Иә, жазғы кезеңде «Жас құтқарушы» бейіндік алаңы жұмыс істейді. Оның шеңберінде балалармен түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша практикалық іс-шаралар өткізіледі. №2 мектеп-лицейде бұл алаңының жұмысын жазғы демалыс кезінде өз еркімен жұмыс істеуге ниет білдірген екі мұғалім жүргізді, - деді Ирина Шушпанова.
Бұған дейін Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев өңірдің су айдындарында кезекшілік үшін қоғамдық құтқарушылар жетіспейтінін жеткізген болатын.
Шынымды айтсам, қоғамдық құтқарушылар жетіспейді. Егер жастар бізге көмектескісі келсе, оларға жүзуді және медициналық көмек көрсетуді үйретеміз, - деді Жәнібек Кәрімбаев.
Ал азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ахметқалиев сол себепті құтқарушы жасаққа жұмыссыздарды қабылдайтынын жеткізді. Айтуынша, олар іске кіріспес бұрын арнайы оқу-жаттығудан өтеді.