×

Ақтаулық әйел мейрамханада екі иттің «үйлену тойын» өткізді (ВИДЕО)

Өзі қызыл кілемде «жас жұбайлармен» жұлқына билеп жатыр

 Халық үні 04.08.2024 | 07:32
фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде екі иттің «үйлену тойы» өтіп, оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, иттердің аты – Марсель мен Матильда. Видеодан олардың иесінің қызыл кілемде, отшашулар арасында, «жас жұбайлармен» билеп жатқанын көруге болады.

Төрт аяқты иттердің тойына, екі аяқты иттерде келіпті ғой», «Басқасы –басқа, енді киелі Маңғыстауда мынадай келеңсіздік қате енді», «Ақшаң тасып бара жатса, жетім-жесірлерге көмектес», «Бұларды жауапқа тарту керек. Ендігі жетпегені осы еді, – десті видеоны көрген көпшілік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама