Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне қатысты ешқандай іс тергелмейді
Бұған дейін Дубайда Самат Әбіштің ұсталғаны хабарланған
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қатысты ешқандай іс тергелмейтін болды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков мәлімдеді.
Cондай-ақ ол жыл басынан бері елімізде 113-ке жуық күдіктінің 220 млрд теңге қаржылық операцияларының тоқтатылғанын айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін The Insider Telegram арнасы Дубайда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ұсталғанын жазған еді. Дәл сондай ақпарат тағы екі дереккөзден тараған. Бірақ ол онша сенімді емес.