×

Білім грантын жеңген талапкерлер әлеуметтік желіде қуанышты сәттерін бөлісті

Еліміз бойынша грант саны 94 мыңнан асады

 Халық үні 03.08.2024 | 19:22
фото: видеодан скриншот

Бүгін елімізде 2024-2025 жылғы оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бүгінде астаналық талапкерлер грант тізімінен өздерінің аты-жөнін көріп, отбасыларымен бірге қуанышты сәтті бөлісіп отыр.

Биыл Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныбын 11 133 түлек бітірген болатын. Оның 294-і – «Алтын белгі», 704-і – үздік аттестат иегері, - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Жалпы, еліміз бойынша грант саны 94 мыңнан асады. Оның ішінде 78 мың грант бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

99% грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген. Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 мың батыс өңірлерге нысаналы грант 100%, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген. Ең жоғары ігерілгені – «Серпін» бағдарламасы (68%), – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Биыл негізінен 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Былтырғымен салыстырғанда, бұл – 10 мың адамға артық көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама