Елімізде тағы бір төтенше жағдай тіркелді
Шымкент қаласының құтқарушылары жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Абай ауданында монша кешенінің аумағында 15 текше метр аумақта отын жанды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында от толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.