Көп проблеманың бірі – сапасыз жолдар
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы көпжылдық мәселелерді шешу бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Вице-премьер өңірдің экологиялық проблемаларына тоқталды. Ол Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар стихиялық қоқыс үйіндісінің бұзылған жерлерін рекультивациялауды жеделдетуді, сондай-ақ «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын рекультивациялауды аяқтауды тапсырды.
Қанат Бозымбаев аудандардағы, Жаңаөзен қаласындағы жолдардың сапасыздығын атап өтіп, бейінді министрлікке тиісті тапсырмалар берді, – деп қосты Үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды. Мәселен, облыс халқының әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, Жаңаөзен қаласында 18 пәтерлі тұрғын үй салу, Бейнеу ауданында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық колледж салу мәселелері көтерілді.