Шымкентте автобус түгі қалмай жанып кетті
Салдарынан 48 жастағы жүргізуші мен жолаушы зардап шекті
Шымкент маңында шағын автобус түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі
Оқыс оқиға 6 маусымда сағат 14:39-да Шымкент қаласы Абай ауданының Алтын төбе тұрғын үй алабында болған.
«Шымкент-Арыс бағыты бойынша келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы толық жанып кетті. Салдарынан 1974 жылы туған жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті. 48 жастағы жүргізуші 25% дене күйігін алған. Олар Шымкенттегі гипербарикалық оксигенация орталығына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа», - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге 10 маман мен 2 техника жұмылдырылды. Қазір мамандар автобустың неге өртенгенін анықтап жатыр.