×

Абай облысының құрамына 8 аудан кірді

Халық саны 638,3 мың адам болды

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2022 | 14:51
Көрнекі фото

Бүгіннен бастап Семей аймағында Абай облысы құрылды. Оның аумағы - 185,5 мың шаршы метр. Жаңа өңір Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шықты. Енді оның құрамында 8 аудан мен 2 қала болады.

Атап айтқанда, Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.

Абай облысындағы халық саны – 638,3 мың. Яғни, Шығыс Қазақстан халқының 47 пайызы жаңа өңірдің тұрғындарына айналды.

Ал Шығыс Қазақстан облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болды. Оның құрамында 9 аудан және 2 қала қалды. Олар - Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары.

Екі өңірдің қала-аудандары 1997 жылы Семей облысы қосылғанға дейінгі аумақтар бойынша бөлінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама