Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі
Қазақстанда 11,5 мың балабақша жұмыс істейді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін жылдың соңына дейін 77 мыңнан аса жаңа орын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жыл бойы құжат тапсыруға болады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыздың соңына дейін жалғасады.
Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметті жергілікті әкімдіктер электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: