Этноауыл және шығыс базары: көшпенділер ойындарында қандай іс-шаралар өтеді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде елордадағы этноауылда шығыс базары ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.
Ойындар барысында театрлар шеруі, Қазақстан Суретшілер одағының жұмыстары көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.
Күн сайын таңертеңнен кешке дейін басты сахнада концерттік бағдарламалар өтеді, ол әрі қарай гала-концертке ұласады.
Этнофольклорлық ансамбльдер, Қазақ ұлттық оркестрлері, солистер мен би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді.
Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын Қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.
Этноауыл шамамен 10 га жерге орналасады және бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала.
Сондай-ақ, этноауыл аумағында көптеген кәдесый табуға болатын нағыз шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершісі өз өнімін ұсынады.
Оның ішінде қолөнершілер ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдерін көрсетеді. Сол сияқты зергерлік бұйымдар, былғары өңдеу, керамикалық мүсін бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді.